• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Бүгін, 11:50

Елімізде енді ұшатын таксилер пайда болады

Қазақстан қалалық аэротакси және азаматтық авиация инфрақұрылымын цифрландыру жобаларын жүзеге асыруға кіріседі. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің сөзінше, елімізде жаңа аэротакси сегментін дамыту шеңберінде отандық компаниялар пилотсыз сынақ ұшақтарын сатып алып жатыр. Сондай-ақ қону алаңдары мен операциялық орталықтың құрылысы басталған.

«Цифрлық технологиялар жүк сегментінде де қарқынды енгізіліп жатыр. E-Freight ақпараттық жүйесін іске қосу процестерді электронды форматқа толығымен ауыстыруға және авиажүктерді өңдеу уақытын бір күннен бір сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді», деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұдан бөлек ол әуежайларда Q-Gate цифрлық жүйесі енгізіліп жатқандығын айтты. Жүйе арқылы енді бақылау уақыты 3 минуттан 50 секундқа дейін қысқарады.

Биыл Астана мен Алматыдағы 16 терминалға Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларындағы тағы 16 терминал қосылады.

Сонымен қатар, Астана-Шымкент бағыты бойынша ішкі рейстерде биометрияны енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы аспанында аэротаксилер сынақтап өтіп жатқандығын жазған болатынбыз. Бұдан бөлек, енді елімізден Токио мен Нью-Йоркке жаңа рейстер қатынамақ.  

 

Соңғы жаңалықтар