• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:52

Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген

Астанада қаласында жаңа туған нәрестесін сатқан жас анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана қаласының прокуратурасы жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауды қамтамасыз етті.

Анықталғандай, елорданың 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыптыға ақшалай сыйақы үшін берген.

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Соттың үкімімен қыз және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыларға пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ол кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар, Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.

Астана қаласының прокуратурасы балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін еске салады.

Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Бұған дейін Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды.

Соңғы жаңалықтар