Отандық тұтушылардың басым бөлігі сауда орындарында алданған. Бұл туралы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Болат Танабергенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Ведомство мәліметінше, шағымдардың шамамен 40 пайызы бөлшек саудаға қатысты. Ал электронды саудаға байланысты өтініштер 18 пайызды құрайды.
Комитет басшысы азаматтар тарапынан көбіне алдау фактілері бойынша шағымдар түсетінін атап өтті. Тұрғындар жиһаз жасау, пәтер жөндеу қызметтерін тұтыну кезінде де жиі алданған. Оның сөзінше, мұндай даулар көбіне алдын ала келісімшарт жасалмай, таныстар арқылы жасалған жұмыстар кезінде туындайды.
«Міндетті түрде мердігердің заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер екенін тексеру қажет. Шеберханасы немесе кеңсесі бар-жоғын анықтап алған дұрыс. Ең бастысы – келісімшарт жасасу керек. Келісімшарт болған жағдайда Комитет тексеріс жүргізіп, әкімшілік шара қолдана алады», деді Болат Танабергенов.
Алматыда заңсыз сауда нысандары жаппай сүріліп жатыр
Еске сала кетейік, бұған дейін комитет басшысы сатып алушыларға QR арқылы шағымдануға болатын пилоттық жоба әзірленіп жатқандығын айтқан болатын.
Келуші мейрамханадағы дәмсіз әрі шикі тағамның ақысын төлеуден бас тарта ала ма?