• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 18:03

Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды

Астанада бүгін, 27 мамыр күні қала бойынша барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжаттар офлайн және онлайн форматта қабылданып жатыр. Онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі:• ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;• №065/у нысанындағы медициналық анықтама;• №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;• 3×4 см өлшеміндегі 2 фотосурет.

Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар