• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 18:20

Қазақстанға аптап ыстық келе жатыр: Маусымда ауа температурасы +46°C-қа дейін көтеріледі

Қазақстанда маусым айы құбылмалы ауа райымен басталады. Синоптиктердің болжамынша, жаздың алғашқы айында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кейбір өңірлерде қатты нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-батыс аймақтарда шаңды дауыл болуы мүмкін.

Сонымен қатар аптап ыстық біртіндеп күшейеді. Ай барысында кейбір өңірлерде ауа температурасы +46 градусқа дейін жетуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар