• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:40

Семей тұрғыны ақшасын қайтаруды талап еткен танысын балағаттағаны үшін жазаланды

Семей тұрғыны танысына ақша қарыз болған. Бірақ оны белгіленген мерзімде қайтара алмаған. Қарыз беруші кезекті рет ақшасын қайтаруды талап еткен. Оны 51 жастағы ер адам балағаттаған. Нақты айтқанда, оған өрескел түрде тіл тигізген дауыстық хабарлама жіберген, деп жазады Egemen.kz.

Сот оны кінәлі деп танып, 20 сағат қоғамдық жұмысқа жегу жазасын тағайындады. Ол Семей қалалық пробация қызметінің есебіне алынды.

Жазаны өтеу үшін ер адам қаладағы жылу-электр орталығына (ЖЭО) жұмысқа орналастырылған. Ол мекеме аумағын тазалау жұмыстарын жүргізіп, сот жүктеген міндеттерді атқарып жүр.

69 мың теңге айыппұл балағатты азайта ма?

Пробация қызметінің хабарлауынша, қоғамдық жұмыстар сотталғандарға өз іс-әрекеттерінің салдарын түсінуге, әлеуметтік байланыстарды сақтауға және еңбекпен қамтылуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда балағат сөздер мен қоқыс тастағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өсті

Соңғы жаңалықтар