• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Футбол 15 Маусым, 2026

Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады

Әлем чемпионатында Кот-д’Ивуар құрамасы алғашқы ойынын жеңіспен бастады. Филадельфия қаласында өткен G тобындағы Кот-д’Ивуар мен Эквадор арасындағы ойын 1:0 есебімен африкалық команданың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ойынның басым бөлігінде құрамалар тең ойын көрсетті. Екі команда да қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына гол соғуға мүмкіндік бермеді. Эквадор жылдам қарсы шабуылдарға сүйенсе, Кот-д’Ивуар допты көбірек бақылап, шабуыл ұйымдастыруға тырысты.

Жанкүйерлер ойын соңында шешуші сәттің куәсі болды. 90-минутта жалғыз мүмкіндікті мүлт жібермеген Амад Диалло дәл соққысымен Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады.

 Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды

Жеңісті ойын африкалық құрама үшін турнирді сәтті бастауға мүмкіндік беріп, топтағы ұпайын түгендеуге жол ашты. Бірінші турда G тобында Германия Кюрасао құрамасын 7:1 есебімен жеңіп, үш ұпаймен көш бастады. Ойыннан соң Кот-д’Ивуар да үш ұпаймен екінші орынға жайғасты.

Ал F тобындағы алғашқы матчта Нидерланд пен Жапония құрамалары жеңімпазды анықтай алмады. АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар