• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту

Жасанды интеллект пен «жасыл» энергетика

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жаңартылатын эне­р­гетика және инженерлік экология тақырыбында халықаралық конферен­ция өтті. Іс-шара Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінен келген ака­де­миялық қауымдастық өкілдерін, өндіріс мамандарын, сондай-ақ экология, ин­­женерия және ақпараттық технология бағытындағы сарапшылардың басын қосты.

Жиын барысында экологиялық түйткілдерді шешетін иннова­ция­лық жобалар, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қол­дануға негізделген жұмыс таныс­тырылды. Сонымен қатар жаңар­тылатын энергетика мен инженер­лік экология саласындағы халық­аралық ынтымақтастықты дамы­ту және бірлескен зерттеу жоба­ларын жүзеге асыру жайы талқыланды.

Химия кафедрасының мең­герушісі Эльдар Копишевтің айтуынша, қоғамды табиғи қорларды сарқымай энергиямен қамтамасыз ету, қалдықтарды құнды ресурсқа айналдырып, тұтынудың сызықтық моделінен айналым экономикасына көшу бүгінгі күннің маңызды міндетіне айналып отыр.

«Қазір ғалым­дар тұрақты энергетикалық жүйелерде жасанды интеллектіні қолдану, эко­­логиялық басқару мен эко­жүйелерді сақтау, ресурс­тарды қалпына келтіру, табиғи қорларды орнықты басқару мәсе­лесін зерделеп жатыр. Расында, ғылым адамға ғана емес, ғаламшарға да қызмет етуге тиіс», деді Э.Копишев.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Жоғары технологиялар колледжі­нің ға­лымы Асим Омари жаңар­ты­латын энер­­гия көздерін тиімді басқару үшін жел жылдамдығын болжауға ар­нал­ған зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

«Зерттеу ауыл ша­­руа­­­шылығында неғұрлым сапалы шешім қабылдауға, қол­даныстағы жүйелерді оңтай­ландыруға мүмкіндік береді. Мысал­ы, жел турбина­лары­ның жұмы­сын жетілдіруге, энергети­калық жүйелердің тиімділігін артты­руға, аграрлық жоспарлауды жақ­сартуға ықпал етеді. Мұн­ың бәрі ел экономикасына, басқа да көптеген салалға оң әсерін тигізеді», деді шетелдік зерттеуші.

Жиында сондай-ақ, жаңар­тылатын энергия көздерін бақы­лау­ға арналған машиналық оқыту технологиясы, мұнай өңдеу саласындағы цифрлық платформаларды пайдалану, пластик қалдықтарын қайта өңдеу, «жасыл» сутегі өндіру, сондай-ақ қайталама шикізат­тан сирек кездесетін және платина тобына жататын метал­дар­ды алу бағытындағы иннова­циялық жобалар таныстырылды.

Конференция жұмысы үш секция бойынша ұйымдастырылды. Бірінде тұрақты энергетикалық жүйелер мен жасанды интеллект шешім­дері талқыланды.

 

Зарина ТАЙЛАҚ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар