• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:53

Бес ауылға су берілді

Абай облысы Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик, Кіші Владимировка ауылдарының тұрғындары сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді.

Облыс әкімі Берік Уәли аудандағы халықты сапалы ауыз­сумен қамтуға бағытталған бір­­қатар нысанды аралап көрді. Аймақ басшысы әуелі Морозов орман шаруашылығындағы су беру стансасында болды. Шағын елді мекенде 254 адам тұрады. Бұл ауылда бұрын ауызсу же­лі­сі болмаған. Жоба аясында ұзындығы 8 шақырымнан астам су құбыры желісі тартылып, 106 аула орталықтандырылған ­ауызсу жүйесіне қосылды. Соны­мен қатар көлемі 100 текше метр болатын екі резервуар орна­тылды.

Облыс әкімі Башкөл ауылын­да­ғы қайта жаңғыртылған су құбыры желісін де барып көрді. 420 тұрғыны бар ауыл­дағы 1974 жылы салынған су жүйесі толық жаңартылған. Жоба аясында ұзындығы 9,781 шақырым су құбыры желі­сі қайта жаңғыртылып, 111 аула орталықтандырылған су­мен қамтылған. Сондай-ақ Жы­ланды ауылындағы су беру стан­сасының жұмысы да пысық­талды. Бұл ауылда 355 адам тұрады. Мұнда да бұрын ауызсу желісі болмаған. Жоба аясында ұзындығы 11 шақырым су құбыры желісі тартылып, 132 аула орта­лықтандырылған ауыз­су жүйесіне қосылды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Бесқарағай ауданының Морозов орман шаруашылығы, Башкөл, Жыланды, Мостик, Кіші Владимировка ауылдарына ауызсу берілді. Бұл жобалар тұр­ғындардың тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауыл­дар­дың одан әрі дамуына тың серпін береді», деді облыс әкімі.

 

Абай облысы,

Бесқарағай ауданы

Соңғы жаңалықтар