АСТАНА. 28 мамыр. Бүкіл әлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын «Астана арландары» Ұлыбритания астанасы – Лондон қаласында жергілікті «Бритиш Лайнхартс» командасымен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілді. Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Алғаш болып, 52 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз Азамат Исақұлов Корюн Согомонянмен кездесіп, 0:3 есебімен есе жіберді. Ал 60 килода шаршы алаңға шыққан Закир Сафиуллин Люк Маккормэктен 0:3 есебімен жеңілді. Келесі 81 килода өнер көрсеткен Нұрдәулет Жарманов қарсыласы Радослав Панталеевтен 0:3 есебімен жеңіліс тапты. Ал соңғы кездесуде аса ауыр салмақта (+91 кило) сынға түскен Қамшыбек Қоңқабаев Фрэйзер Кларктан 0:2 есебімен жеңілді.
Бұл кеште жалғыз жеңіс 69 килода жұдырықтасқан Асланбек Шымбергеновке бұйырды. Ол шаршы алаңда Джошуа Келлиден 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, алғашқы жартылай финалдық кездесулерде «Астана арландары» британиялықтардан 2:3 есебімен жеңілген болатын. Сонымен, Дүниежүзілік бокс сериясының финалында «Бритиш Лайнхартс» пен «Куба домадорес» боксшылары кездеседі.
Аян Әбдуәли.
Дерек: vesti.kz.
Фото: tengrinews.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше