Қысқы Азия ойындары жеңімпаздарына арналған медальдарды соғу үшін 30 килодан артық алтын жұмсалды. Азия ойындарын өткізуге барлығы 69 медаль жиынтығы жасалды. Бірінші жүлделі орынның медалі алтын жалатқан күмістен соғылған. Оның салмағы 280 грамм. Екінші орынға күміс, ал үшінші орынға қола медаль ұсынылады. Жүлделі жиынтықтың дизайны мен оны дайындауға бір жарым-екі ай көлемінде жүзден аса адам еңбектенді. Аталмыш марапаттар қисық кристалл түрінде жасалған.
Атырауда ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі
Ауа райы • Кеше
Транзитте Орта дәліздің орны бөлек
Экономика • Кеше
Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше