Жақында Швейцарияның астанасы – Женева қаласында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің 117-ші сессиясы болып өтті. Онда Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық Пактінің аясында халықаралық міндеттемелерін орындау бойынша Екінші кезеңдік баяндамасын қорғау жүзеге асты.
Қазақстан делегациясының құрамына Адам құқы жөніндегі ұлттық комиссияның, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Орталық сайлау комиссиясының, Әділет, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Сыртқы істер, Ақпарат және коммуникациялар, Білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Адам құқы жөніндегі Ұлттық орталықтың өкілдері енді.
Қазақстан делегациясының басшысы, Әділет министрінің орынбасары Эльвира Азимова БҰҰ-ның аталған комитеті мүшелеріне елімізде азаматтық және саяси құқықтар мен адам бостандығын қорғау бойынша жүргізіліп келе жатқан саясат, Қазақстан қоғамы өмірін айқындайтын Бес институттық реформа мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру аясында ұлттық заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы баяндаманы ұсынды.
Одан әрі делегация мүшелері БҰҰ комитеті сарапшыларының сұрақтарына жауап беріп, оларды Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салалардағы шешуші жаңғыртулар мен өзгерістер туралы құлағдар етті. Осы қатарда қылмыстық сот ісін жүргізу, сот және құқық қорғау жүйесі, адам құқы жөніндегі өкілетті өкілдің қызметі, адам құқын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік өкілетті органдардың қызметін ұйымдастыру бағыттарында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар да аталды.
Комитет мүшелері өздерінің сұрақтары мен комментарийлерінде Қазақстан Республикасында адамдардың азаматтық және саяси құқықтарын қорғау мәселелерінде ілгерілеушілік бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, комитет төрағасы Фабиан Сальвиоли Қазақстанның осы салада соңғы төрт жылда қол жеткізген табыстары айтарлықтай екенін ерекше атады. Германия өкілі Анья Зайберт-Фоор Қазақстан тарапы комитеттің ұсынымдамалары мен ескертпелерін орындауға үлкен жауапкершілікпен келгенін көлденең тартты. Комитет баяндамашыларының бірі Яхд Бен-Ашур Қазақстанның ел ішінде конфессияаралық және дінаралық келісімді нығайтуды қоса алғанда, осы бағыттағы халықаралық бастамаларының маңызы да аса зор екеніне назар аударды.
Комитет мүшелері алдын ала қорытындылары ретінде жария етілген ұсынымдамаларды жүзеге асыру үшін әрі қарай да шаралар қабылдау қажет болып табылатынын атап көрсетті.
«Егемен-ақпарат»

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
Президент • Бүгін, 20:06
Әскерге шақырту алған кезде не істеу керек?
Әскер • Бүгін, 19:55
Тегін 10 сотық жерді қалай алуға болады?
Қоғам • Бүгін, 19:45
Алматыда хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған ер адамға айыппұл салынды
Оқиға • Бүгін, 19:20
Анталия дипломатиялық форумы: Қазақстанның халықаралық рөлі қандай?
Форум • Бүгін, 19:06
Жетісуда полицейлер көлік өртін сөндіріп, адамдарды құтқарды
Оқиға • Бүгін, 19:00
«Ұлы дала: Тұран өркениеті» халықаралық зерттеу орталығы ашылды
Ғылым • Бүгін, 18:40
Таеквондошылар төртінші жүлдеге қол жеткізді
Спорт • Бүгін, 18:05
«Келешек мектептері» оқушылары арасында футзалдан республикалық турнир аяқталды
Келешек мектептері • Бүгін, 18:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: БҰҰ превентивті дипломатияға баса назар аудару керек
Президент • Бүгін, 17:59
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерді атады
Президент • Бүгін, 17:48
Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керек
Президент • Бүгін, 17:35
Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты
Президент • Бүгін, 17:31
Қазақстан ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша үздік 20 елдің қатарына енді
Қазақстан • Бүгін, 17:23
Елімізде 165 мың педагог ChatGPT Edu жүйесін қолданады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:15