Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына қатысушылармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры, Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы Майкл Мёллермен БҰҰ қызметінің келешегін талқылады. Сенат Төрағасы Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемдік істердегі жетекші әрі орталық рөлі туралы Қазақстанның қағидатты көзқарасын атап өтті. Сенат Төрағасы ол тұжырымдардың БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болған Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінде егжей-тегжейлі мазмұндалғанын айтты.
Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымы Даярлау комиссиясының атқарушы хатшысы Лассина Зербомен кездесу барысында халықаралық қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпаудағы өзекті мәселелер талқыланды. Қ.Тоқаев еліміздің Ядролық сынаққа жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуін жақтайтынын атап өтті.
Қазақстан Парламенті Жоғарғы палатасының басшысы Корея Республикасының қосылу министрі Хон Ён Пёні де қабылдады. Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың биылғы қарашада Сеулге сапары біздің барлық саладағы, оның ішінде ядролық қаруды таратпау мәселелеріндегі тығыз ынтымақтастығымызға жаңа серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан Сенаты мен Оңтүстік Кореяның Ұлттық ассамблеясы арасындағы өзара іс-қимылдың келешегі де сөз болды. Кездесу барысында Корея түбегінде ядролық қаруды таратпау мәселелері қозғалды.

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43