Жуырда Бурабайда ізгілік дәстүрінің ерекше брендіне айналған «CHARITY TOUR DE BURABAY 2016» веложарысы өткізілді. Биыл төртінші рет жалауын көтеріп отырған қайырымдылық акциясын Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» қайырымдылық қоры және бес жұлдызды «Rixos Бурабай» отелі ұйымдастырды. Маңызды шараны Олимпиада чемпионы, «ASTANA PRO TEAM» командасының бас менеджері Александр Винокуров құттықтау сөзбен ашты.
«ASTANA PRO TEAM» командасының құрамындағы италиялық белді спортшы Паоло Тираланго бастаған 30 шақырымдық жарыс жолына 500 велошабандоз шықса, жалпы қайырымдылық акциясына қатысушылар 1500 адамнан асқанын бөлектеп айтқымыз келеді.
Шараны ұйымдастырушылар бұл жолы аукционнан 20 миллион теңге жинауды жоспарласа, қаржы көлемі 100 миллион теңгеге жетті. Мұның негізгі бөлігі «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының, Қазақстан теннис федерациясының, атақты спортшылар мен белгілі бизнес компаниялардың лоттарынан жиналып отыр. Осы орайда, жеңімпаз боксшы Генадий Головкиннің қолғабы 8 миллион теңгеге, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландиннің және италиялық атақты велошабандоз Винченцо Нибалоның жейделері 1 миллион 450 мың теңгеден сатылғанын айта кеткіміз келеді.
Баспасөз мәслихатында «Асыл Мирас» қорының директоры М.Айтмағамбетов жиналған қаржының Ақмола және Қызылорда облыстарындағы балалар ауруханаларының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалатынын атап өтті.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10