Жақында Мажарстанда шағын футболдан әуесқой футболшылар арасында Еуропа чемпионаты өтті. Онда Қазақстан құрамасы финалда Хорватия командасымен кездесіп, жеңіске жетті. Матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Содан кейін пенальти сериясында жерлестеріміз 6:5 есебімен ұтты.
Кездесудің негізгі уақытында Ахмет Шәріпов дубль жасады. Сөйтіп, еліміз құрамасы алғаш рет шағын футболдан әуесқойлар арасындағы Еуропаның басты додасында жеңді.
Бұл сынға сайдың тасындай іріктелген 32 команда қатысты. Олар 8 топқа бөлініп ойнады. Қазақстан С тобында Босния және Герцоговина, Австрия және Литва құрамаларымен кездесті. Плей-офф кезеңіндегі 1/16 финалда Германиямен ойнап, 1:1 есебімен аяқталған матчта пенальти сериясында басым түсті. Одан кейін 1/8 финалда Мажарстанды 5:1, ширек финалда Босния және Герцоговинаны 3:1 етіп ұтса, жартылай финалда Чехиядан 3:0 есебімен басым түсті.
Еуропа додасына еліміздің атынан «Есіл» командасы қатысты. Бұл клуб Астана қаласының әуесқой футболшылар лигасында өнер көрсетеді. Олар қалалық лиганы жеңіп алғаннан кейін Қазақстан чемпионы атанып, Еуропа додасына жолдама алған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12