Кеңес одағы ыдырағаннан кейін бұрынғы республикалар арасындағы экономикалық байланыстар үзілді де, ол экономикалық дағдарысқа әкелді.
90-шы жылдардың еншісіне тиген сол ауыр кезеңдерде күніне 10 мыңнан 17 мыңға дейін жұмысшылар ақысыз демалысқа кетіп жатты, өйткені, кәсіпорындар жабылды, жұмыс орны тоқтаусыз қысқартылды. 1995-1996 жылдары экономиканың құлдырауы шегіне жетті, бір жылда жұмыспен қамту орталықтарынан жұмыссыз қалған 40 мың адам көмек сұрады. Жұмыссыз қалған азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға тартқан, жұмыссыздарға жәрдемақы төлеген кездер жұрттың есінде.
2000 жылдан бастап елімізде экономикалық-әлеуметтік оң өзгерістер білініп, экономика тұрақтана бастады. Әрине, біздің облыс та уақыттың осы өзгерістерінің ешқайсысынан шет қалған жоқ. Еліміздің аймақтарындағы секілді, Қостанай өңірінде де кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы жұмыстар жүргізілді. Ол үшін еліміз бойынша кешенді, жұмыспен қамту бағдарламасы жасалды. Ал 2008-2011 жылдары елімізде жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар жоспары өмірге келді. Мұның өзі көптеген шараларды қамтыды. 2009 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша аймақтардағы жұмыспен қамтудың және кадрларды қайта даярлаудың стратегиясы, яғни, «Жол картасы» жасалды.
Міне, елімізде азаматтарды жұмыспен қамту жұмыстары бүгінге дейін осылай жалғасып келеді. Облыстың аудандары мен қалаларында 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру үшін 20 орталық құрылып жұмыс істейді. Онда 134 әлеуметтік қызметкер азаматтар игілігі үшін көптеген шараларды үйлестіріп отыр. Бүгінде осы орталықтардың күш салуымен 40 мың адам жұмыспен қамтылды, 3900 адам нарық сұранысына орай мамандыққа қайта даярланды, 1787 адам шағын несие алып, өз ісін дөңгелетті. Жыл аяғына дейін жұмыс орнын тапқандар 18 мың адамға жететін болады.
Әлеуметтік сала қызметі тек жұмыспен қамтумен шектелмейді. Өңірде мүгедектердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жеңілдетіп, олардың басқалармен тең сезініп, қоғамға араласуы үшін жүйелі жұмыс үзілмейді. Мүгедектердің әлеуметтік орындарға және өмірлік маңызы басым салалар қызметіне кедергісіз жетуі үшін облыста әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымдарына паспорттау жүргізілген болатын. 1568 нысанның 1166-сы мүгедектерге толық бейімделуіне дайын болмағаны анықталды. Бұл шараның уақтылы әрі сапалы өтуі үшін 2014-2018 жылдарға арналған өңірлік бейімдеу жоспарын жасаған едік, міне, соның алғашқы нәтижелері де көріне бастады.
Бүгінде паспортталған нысандардың 63 пайыздан астамы мүгедектерге ыңғайлы жағдай қалыптастыра білді. Мысалы, инватакси қызметі облыста мүмкіндігі шектеулі жандардың алысын жақын етуге себеп болып отыр. Ол бұрын тек Қостанай мен Рудный қалаларында ғана қызмет көрсетсе, қазір Арқалық қаласы қосылды. Бұл қызметті облыста күніне 600 адам пайдаланады. Мұның сыртында жыл сайын 4 мыңнан астам ғаріп жандарға түрлі әлеуметтік көмек-қызмет көрсетіледі. Олар есту протездерін, протез-ортопедиялық, санаторийлерге жолдама, кресло-арба, гигиеналық қажеттер алып тұрады. Олар үшін биыл бюджеттен 1,1 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Қиын жағдайға тап болған ғаріп жандарды күту де әлеуметтік сала қызметкерлері атқаратын негізгі жұмыстың бірі. Бүгінде облыста ауру жандарды үйіне барып күтумен 26 бөлімше, күндіз қарап, көмек берумен 7 бөлімше айналысады. Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік мекеме алты мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.
Халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобы қай қоғамда да болған, қазір де бар. Оларға мемлекет тарапынан көмек көрсетіледі. 2016 жылдың тек 9 айы ішінде облыс өңірінде 57 мың адам түрлі әлеуметтік көмек алды. Оған бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінді.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері облыста халықтың табысы күнкөріс қоржынынан төмен бөлігінің саны 16 есе азайды. Мысалы, 2016 жылдың алдыңғы екі тоқсанында олардың саны 2,6 пайыздан асқан жоқ, ал 2001 жылы бұл көрсеткіш 42,4 пайызды құрайтын. Сонымен қатар, кедейлік шегінде өмір сүретін адамдардың саны да 0,2 пайызға дейін төмендеді.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-қадамын жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік-адрестік көмектің тиімділігін жақсарту үшін өткен жылы «Өрлеу» жобасы бойынша Қостанай қаласы мен Қостанай, Ұзынкөл аудандарында әлеуметтік көмекті келісім негізінде енгізген едік. Биыл оның ауқымы кеңейе түсті, жыл аяғына дейін осы жобаға облыстағы барлық аудандар мен қалалар қосылады. Жобаға қатысушыларға бюджеттен 13 миллион теңге бөлінді. Алдағы жылдарда берілетін әлеуметтік көмек түрлерінің барлығын да жаңғырту, олардың «Өрлеу» секілді жаңа түрлерін ұсыну жоспарланып отыр. Сонда бүгінде материалдық көмекке аузын ашып отыратын отбасылар өзінің тұрмысын жақсартуға белсене кірісетін, мемлекет көмегіне байланбай өзі табыс табатын болады. Масылдықтан арылады. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан осы игілікті істердің барлығын да әлеуметтік сала қызметкерлері тыным таппай атқарады. Олар атқарған тынымсыз жұмыстар арқасында қабырғасы Тәуелсіздікпен бірге қатайған әлеуметтік сала жұмысы нығаяды, қоғам серпіледі, мемлекет мықты болады.
Гүлнар ӘБЕНОВА,
Қостанай облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Аида Балаева: Креативті экономика тек шабыт пен идеяға ғана сүйеніп дами алмайды
Қоғам • Бүгін, 21:33
Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20