Аға буын өкілдерін қолдауға бағытталған үлкенді-кішілі шаралардан мәслихат депутаттары шет қалған емес. Олар айлық барысында тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызілікті жандарға 5 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті
Тегін дастарқан жаю, азық-түлік пакеттерін тапсыру, әлеуметтік мұқтаждықтарын шешу жүйелі түрде ұйымдастырылды. Юрий Шоль, Сейілбек Махметов, Ерлан Алпысов, Сергей Тимофеев, тағы басқа халық қалаулылары ерекше ілтипат білдірді. Петропавл ауыр машина жасау зауытының бас директоры Қуаныш Бишімов асырауында балалары бар «Асыл ана» мүгедек әйелдердің қоғамдық ұйымының есепшотына 100 мың теңге аударды. Тайынша аудандық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский медициналық мекемелерде «ашық есік күнін» өткізіп, 200-ден астам адамның денсаулығын тексерді. Бірнеше зейнеткерге тонометр сыйлады.
Ізгілік акция барысында депутаттардың бас болуымен аудандарда, елді мекендерде де мерекелік іс-шаралар өткізіліп, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері кеңінен қамтылды. Көп жылғы қажырлы еңбектері бағаланып, түрлі тартулар жасалды.
Зурәш АХМЕТОВА,
облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы
Солтүстік Қазақстан облысы

Франция құрамасы Сенегалды 3-1 есебімен тізе бүктірді
Спорт • Бүгін, 02:05
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше