Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін Алматыда өтетін бокс кешінде отандық спортшыларымызға сәттілік тілеп, оларға бір кісідей қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды egemen.kz
«Қымбатты достар! Талантты боксшымыз Қанат Исламның ганалық Патрик Аллотеймен жекпе-жегіне санаулы сағаттар қалды. Бокс кешін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.
Қанат – жастарымыз үшін патриоттықтың үлгісі. Оның өзге елдегі зор мүмкіндіктерден бас тартып, атажұртына оралуын, сонымен қатар еліміздің атағын шығаруға талпынуын үлкен азаматтық деп білемін.
Осындай намысты жігіттеріміздің арқасында Қазақстан әлемге танылуда. Өскелең ұрпақ салауатты өмір салтына, спортқа құлшынуда.
Осының барлығы – биыл 25 жылдығын атап өткелі отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің жемісі.
Қанатқа және осы кеште бақ сынайтын басқа да боксшыларымызға сәттілік тілеймін!
Бүгін баршамыз бір кісідей спортшыларымызға қолдау көрсетейік», деп жазды министр.

Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше