62 900 000 Соғыс ардагерлерінің коммуналдық-тұрмыстық шығындарын өтеуге өткен жылы осыншама теңге бөлінген Ұлы Отан соғысына қатысып, еліміздің болашағы үшін тер төккен ардагерлерге деген қамқорлық уақыт өткен сайын жақсарып келеді. Облыстағы соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге, бірінші, екінші топтағы мүгедектерге, студенттерге қоғамдық көліктерде тегін жүрулері үшін бюджеттен 126,5 млн. теңге бөлінсе, 179 соғыс және еңбек ардагерлері өткен жылы таңдаулы санаторийлерде денсаулығын түзеуге мүмкіндік алды. Осы бағытта облыс бюджетінен 42,2 млн. теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Отан үшін от кешкен ардагерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында коммуналдық-тұрмыстық шығындарын өтеуге 2008 жылы 62,5 млн. теңге бөлінсе, 2009 жылы бұл 62,9 млн. теңгені құраған. Осылайша қамқорлық аясы кеңеюде. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 1 000 000 Былтыр облыс диқандары осыншама тонна астық жинап алды Соңғы жеті жылда болып көрмеген табиғаттың мұндай берекелі сыйы жалпы облыс бойынша басқа да дәнді-дақылдардың молынан өсіп-өнуіне мүмкіндік туғызды. Мемлекет тарапынан да ауыл шаруашылығын қолдау және дамытуға кең көлемде көмек көрсетіліп келеді. Ал, негізінен алғанда, облыс көлеміндегі ауыл шаруашылығы саласына астықты және майлы дақылдар, картоп пен көкөніс түрлерін өсіруге басым бағыт берілген. Осының нәтижесінде өткен жылы 619,8 мың гектар алқаптың әр гектарынан 16,3 центнер астық алынды. Бұған қоса, 120 мың тонна картоп, 80,4 мың тонна көкөніс және 12 мың тонна бақша өнімдері жиналды. Облыс бойынша 14,2 мың гектар суармалы алқап бар. Соңғы екі жылда ауыл-аудандардағы мәшине-трактор парктері жалпы құны 4,4 млрд. теңге тұратын 345 жаңа озық технология түрлерімен толықты. Облыс аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 470 кешен жұмыс істеуде. Сонымен қатар, былтыр ауыл шаруашылығы саласында жаңадан 3524 жұмыс орны құрылды. Қой өсіруді қолға алу мақсатында басталған “Жайлау” бағдарламасы жүзеге асып, облыстағы бірнеше шаруа қожалығы 5 мың қой сатып алды. Бұл күндері облыстың үш қаласында – облыс орталығы, Ақсу және Екібастұзда 8 арзан бағалы өнімдер сататын әлеуметтік дүкендер қызмет көрсетуде. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар облысы. 550 000 “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы облыстық мүгедектер қоғамына, аялы алақан мен ерекше күтімді қажет ететін жарым көңіл бүлдіршіндерге жалпы бағасы осыншама теңге құрайтын сыйлықтар тарту етті Мерейлі істі атқаруға келген акционерлік қоғам бас директорының көмекшісі Ян Эньбяо мұндай ізгілікті істің алда да жалғасын табатынын жеткізді. Компанияның әкімшілік департаменті директорының орынбасары Юрий Шинкарев кәсіпорынның қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі осындай қайырымдылық, меценаттық шаралар арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Акционерлік қоғам әзірлеген жүз сыйлық “Ақбөбек” сауықтыру орталығындағы бүлдіршіндерге үлестірілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.
«Таза Қазақстан» • Кеше
Ел өңірлерінде азық-түлік бағасы қандай
Қоғам • Кеше
Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері қайтыс болды
Спорт • Кеше
ТЖМ тікұшағы Екібастұздан Павлодарға екі сәбиді шұғыл эвакуациялады
Денсаулық • Кеше
Балалар арасындағы семіздік дерті акцизбен шешіле ме
Медицина • Кеше
Алматылықтар 1704 метр лағман дайындап, рекорд орнатты
Рекорд • Кеше
Бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған
Аймақтар • Кеше
«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді
Өшпес даңқ • Кеше
Астанада әлем мойындаған оқу орнының филиалы ашылды
Университет • Кеше
Жол сапасын арттыратын жаңа технология жасалды
Логистика • Кеше
Ғылымға шет тілін шегелеудің қажеті бар ма
Білім • Кеше
Бауыржан Момышұлының батальонында болған майдангер
Өшпес даңқ • Кеше
Отандық бидай жаңа нарыққа шыға бастады
Шаруашылық • Кеше
Қарағандыда «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары өтті
Оқиға • Кеше
Димаштың концертіне жалған билеттер сатылып жатыр
Оқиға • Кеше
7 мамырда Жеңіс күніне арналған мерекелік шеру өтеді
Өшпес даңқ • Кеше
Елімізде әскери ұшақтар ақылы қызмет көрсетуі мүмкін
Қоғам • Кеше
Еліміздегі 475 кәсіпорын жекешендіріледі
Үкімет • Кеше
Жемқорлық қай өңірде жиі тіркеледі
ANTIKOR • Кеше
Ғани Бейсембаев оқушылардың шағымына жауап берді
Оқиға • Кеше
Биылғы оқу жылы қай күні аяқталады
Қоғам • Кеше
Катонқарағай паркінде қар барысы екі рет фототұзаққа түскен
Табиғат • Кеше
Ұландықтар Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық акция өткізді
Өшпес даңқ • Кеше
Балалар ел ішінде ұшақпен тегін саяхаттай алады
Туризм • Кеше
Жеті өңірде каналдарды тазарту жұмыстары басталды
Шаруашылық • Кеше
Павлодарда 70 млн теңгеден астам қарызы бар борышкер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Мереке • 01 Мамыр, 2025
Павлодар облысында шенеуніктер жұмыс уақытында шетелге шыққан
Аймақтар • 01 Мамыр, 2025
Ауыл шаруашылығын дамытудың алғышарты
Шаруашылық • 01 Мамыр, 2025
Бүгіннен бастап жедел жәрдем шақырудың ережесі өзгерді
Медицина • 01 Мамыр, 2025
Алматы облысында жоғалып кеткен екі бала таудан табылды
Қоғам • 01 Мамыр, 2025