EXPO-2017 көрмесінің ашылу салтанаты қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Көрменің ашылу салтанаты 2017 жылдың 9 маусымына жоспарланған. Іс-шара көрме аумағында өткізіледі», - делінген компанияның редакция жолдаған сауалына берген жауабында. Сондай-ақ, компанияның баспасөз қызметіндегілер салтанатты шараның ашылу мен жабылу кешіне билеттердің қанша тұратыны әзірше белгіленбегенін мәлімдеді. Осы жылдың 10 маусымынан бастап EXPO-2017 көрмесінің билеттері сатылымға шыққан болатын. Билеттерді tickets.expo2017astana.com сайтынан сатып алуға болады. Сайттағы мәліметтерге қарағанда, билет бағасы - 6 мың теңге, ал демалыс күндері билеттердің бағасы 8 мың теңге болады. Еске сала кетейік, EXPO-2017 көрмесі Астанада 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді.
Қазақстан бидай импортына қайтадан шектеу енгізбек
Экономика • Кеше
Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді
Экономика • Кеше
Президент Алатау қаласын дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Президент • Кеше
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Президент • Кеше
Қызылжар мешітіндегі ұрлық: Имам ұры қызды түрмеден құтқарып қалды
Заң мен Тәртіп • Кеше