Қазақстан • 27 Қаңтар, 2019

ҚМДБ «Халал даму» мен Ұлттық сараптама орталығы меморандумға қол қойды

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандарының бас ордасында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Б.Есмаханның төрағалығымен Ұлттық сараптау орталығы мамандарының қатысуымен халал индустриясын дамытуға, лабораториялық жұмыстарды жандандыруға арналған алқалы мәжіліс өтті. Бұл туралы muftyat.kz хабарлады.

ҚМДБ «Халал даму» мен Ұлттық сараптама орталығы меморандумға қол қойды

Ресми кездесуге  ҚМДБ халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев, «Халал Даму» ЖШС-ның директоры А.Елжанов және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры К.О.Балыкбаев, ҰСО экспертиза бойынша мамандары: У.Б.Аширбаев, Н.Р.Саламатов, ҰСО баспасөз хатшысы А.Сураганова қатысты.

Басқосуда мүфтият пен Ұлттық сараптама орталығының бірлескен жобаларын жүзеге асыру, өзара тәжірибе алмасу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халал өнімдерге лабораториялық  сараптама жүргізуді арттыру, осы салада Діни басқарма мен Орталықтың ортақ қызметін жандандыру, т.б. мәселелер жан-жақты сөз болды.

Талай жылдар бойы Алматы қаласында орналасқан «Treegene» молекулалық-генетикалық зертханасы мен «КазНИВИ» Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты зертханасымен тығыз байланыста жұмыстар атқарып келген «Халал Даму» ЖШС бүгін Астана қаласындағы негізгі орталық аппаратынан және 20 филиалдан құралатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұдан былай «Халал Даму» ЖШС-ның лабораториялық жұмыстары 14 облыстық және Алматы және Астана қалалары бойынша жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25