Саясат • 25 Қазан, 2019

Әріптестіктің басым бағыттарын талқылады

101 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Жапония арасындағы қарым-қатынастар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрқашан ерекше назарында болып келеді.

Әріптестіктің басым бағыттарын талқылады

2016 жылы мемлекеттер басшылары қол қойған «Азияның өркендеу дәуіріндегі кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» бірлескен мәлімдеме Нұр-Сұлтан мен Токионың екі ел ара­сындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беруге мүдделілігін көрсетті.

Сондықтан император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысуға арнал­ған сапары бары­сында Елбасы Жапо­нияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесіп, сауда-экономикалық қа­ты­настарды одан әрі дамыту жөніндегі қадам­дарды талқылады.

Айта кету керек, 2018 жылы екіжақты тауар айналымын арттыру тұрғысынан Қазақстан мен Жапония үшін өте сәтті болды. Осы жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің өсуі 53,8%-ды құрады, бұл көрсеткіштің 2 млрд АҚШ долларына дейін өсуіне мүмкіндік берді. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында тараптар тұтастай алғанда сауда динамикасын сақтап қалды. Көрсетілген кезеңдегі сауда-саттық көлемі 1,13 млрд АҚШ долларын құрады.

Жапония Қазақстан экономикасын­дағы ең ірі инвесторлардың бірі. Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан экономикасына бағытталған тікелей шетелдік инвестициялар ағынындағы жапониялық үлес 6 миллиард доллардан асты.

Қазақстан үшін бұл елмен әріптес­тікте технологиялық, оның ішінде жапон техноло­гиялары мен ноу-хауды тиімді енгізу саласын­дағы серіктестік басым бағыты болып қала береді.

Толық ауқымдағы экономикалық ынты­мақ­тастықтың жол картасын одан әрі дамытуға та­раптардың тіке­лей екі­жақты байланыстары және «Ор­талық Азия + Жапония» форма­тын­дағы көпжақты үнқатысу сөзсіз ықпал етеді.

Жалпы, Қазақстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестіктің әлеуеті зор деп қорытынды жасауға болады.

 

Лидия ПАРХОМЧИК,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы

Соңғы жаңалықтар

Құмды тоқтатқан технология

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Толқынды күткен бала болмысы

Басылым • Бүгін, 09:07