Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында Нұра өзеніне қалдық су құйылды

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Нұра өзеніне өндірістік лас қалдық судың құйылып жатқаны туралы  бейне көрініс тарады. Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековке хабарласқан едік.

Қарағанды облысында Нұра өзеніне қалдық су құйылды

Жауапты маман бізге мынаны хабарлады:

11 ақпан күні сағат 18.00-дің шамасындаТеміртауда орналасқан «Bassel Group LLS» ЖШС-нің күл үйіндісі бөгетін қарау кезінде қаладан бес шақырым жерде Нұра өзеніне қалдық судың құйылып жатқаны белгілі болды. Тексеру барысында құдықтың артқы қабырғасындағы дәнекерленген жік қар мен мұздың қысымына шыдай алмай майысып, соның салдарынан су аққаны анықталды. Бұл төтенше оқиға туралы сол заматта дабыл қағылып, аталған кәсіпорынның жұмысшылары кемшіліктің көзін жойды.

Сондай-ақ, Қанат Мұсапарбеков экология департаменті басшысының орынбасары, «Нұра-Сарысу бассейні» су инспекциясы бастығының орынбасары, зертхана мамандары, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары оқиға болған жерге барып, апатты жою жөніндегі жұмыстарды бақылағанын жеткізді.

– Ертең таңертең Теміртау қаласының әкімдігіне ресми түрде өтініш түсіріліп, содан кейін оны прокуратура органдарында тіркеп, жан-жақты тексеруді бастаймыз, – деп хабарлады Қарағанды облыстық экология департаментінің басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10