 
                                        «Қалада қылмыс 57,4% төмендеді. Нақты айтқанда, ұрлық-қарлық 44,4% азайды. Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар саны 55,5%-ға азайды. Сонымен қатар, Жедел штабтың бұйрығына сәйкес полиция қызметкерлері биылғы жылдың 19 наурызынан бастап карантиндік аймақтар-инфекция ошақтары қоршалды.
Бүгінгі таңда қалада инфекция ошақтары бар, қоғамдық тәртіпті сақтауға 125 полиция қызметкері тартылған.
Әрбір мекен-жайда полиция қызметкерлерімен бірге аудан әкімдіктерінің қызметкерлері және санитарлық-эпидемиологтар жұмыс істейді.
Инфекция ошақтары мен бекеттерде қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді»,  – дейді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қанат Таймерденов.
АЛМАТЫ
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                