Аймақтар • 02 Мамыр, 2020

Саида – мал дәрігері

893 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мал дәрігерлері қазір  үлкен сұранысқа ие.  Жан-жануарлардың тілін түсінеді деуге әбден болатын мал дәрігері Саида Закирьянова төрт түлікпен бірге жан-жануардың барлық түрін емдейді.       

Саида – мал дәрігері

24 жасар Саида  осы мамандығын өзі таңдаған. Анасы да - мал дәрігері. Жас маманның хоббиі де бар. Бос уақытында тырнақ әрлейді.

– Жануарлар қай жері ауырып тұрғанын айтып, шағымдана алмайды  ғой. Аурудың белгілерін қарап емдейміз. Алғаш рет  ірі қарадан қан алғаным есімде. Қорқынышты болды. Мал дәрігері мамандығын  таңдаған себебім-бала кезімнен анамның жұмысына қарап қызықтым. Қазір мал дәрігері мамандығын игеріп, жұмыс істеп жатырмын. 2 жылдан асты. Таңдауыма еш өкінбеймін, – дейді мал дәрігері Саида Закирьянова.

Кейіпкеріміз жұмыс істейтін ветеринарлық  станцияда 7 адам жұмыс істейді.  Араларындағы жалғыз ару-Саида. Ер мінезді кейіпкер еш жасқанбай,  ұсақ малдарға екпе жасап, таңбалайды. Бұл салаға келгеніне екі жыл болыпты.

– Біздің ветеринариялық станцияда тәжірибеден өтіп, жұмысқа қабылданды. Ынтасы зор. Біздің салаға жастар келе қоймайды ғой. Саида  ер азаматтардан қалыспай екпе жасап жүр. Күзге дейін  4 мыңнан аса ірі қара мен 10 мыңға жуық ұсақ малға вакцинация  жасалуы тиіс, – дейді қалалық ветеринария станциясының директоры Еркін Есілбаев.

«Медицина адамды, ал, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз бар. Адамзатты емдеп жүрген арудың ісіне адам қызыққандай.

 

Көкшетау қаласы

Соңғы жаңалықтар

Бал ашып байығандар көп

Қоғам • Бүгін, 18:17