
«Басқарма қоймасында көлемі 360 литр, ал сақтау температурасы -18-25°С болатын 4 тоңазытқыш бар. БМСК ұйымдарында жалпы саны 20 мұздатқыш камера (-18°С) жұмыс істеп тұр. 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камералары жеткізіледі деп күтіліп отыр. Термоконтейнерлердің 82 бірлігі бар», деді Тимур Мұратов.
Сондай-ақ басқарма ДСЭК-пен бірлесіп егу кабинеттерінің дайындығы мен вакцинациялау жүргізуге әрі «суық тізбекті» сақтау жағдайларының болуына мониторинг жүргізуді жалғастыратын болады.