Кәсіпқой бокс • 02 Ақпан, 2022

WBC Фьюри мен Уайттан келісімшарт талап етті

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса ауыр салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри мен оның отандасы Диллиан Уайт өзара жекпе-жек мәселесі бойынша жедел келісім шарт ұсынуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

WBC Фьюри мен Уайттан келісімшарт талап етті

Бүкіләлемдік бокс кеңесі екі боксшы арасындағы шайқастың өтетінін растайтын келісімшарт 21-ақпанға дейін ұсынылуы тиіс екенім мәлімдеді. Деректерге сенсек, ұлыбританиялық былғары қолғап шеберлері арасындағы жекпе-жек 23-сәуір күні Ұлыбританияда өтуі тиіс. Екеуара кездесудің жеңімпазы болашақта үш тұжырым бойынша әлем чемпионы Александр Усикпен қолғап түйістіруі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:50

Ақ жол, Әліби!

Спорт • Бүгін, 08:45

8 алтын, 4 күміс, 4 қола

Бокс • Бүгін, 08:40

Ізгілік жолындағы ілкімді қадам

Аймақтар • Бүгін, 08:30