Форум • 29 Қаңтар, 2025

«Industrial AI» цифрлық форумы

91 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыда алдағы 31 қаңтар мен 1 ақпан аралығында «Digital Almaty 2025: Industrial AI: жаңа дәуірге арналған технологиялар» атты халықаралық цифрлық форум өтеді.

«Industrial AI» цифрлық форумы

Биыл жетінші рет өтетін форумда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің инновациялық даму келешегі талқыланады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында цифрлық форум барысында жасанды интеллектінің өнеркәсіптік экожүйелерге интеграциялауына қатысты кең көлемде ақпарат ұсынылатынын айтты.

Сондай-ақ форумның ресми бөлімі ЕАЭО елдері Премьер-министрлерінің дәстүрлі пленарлық отырысымен басталады. Форумға Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Иран үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия басшылары қатысады. Үкімет басшылары цифрландырудың негізгі жобалары, жасанды интеллектіні енгізу және технологиялық дамудың бірлескен векторларына байланысты мемлекеттер арасындағы мәселелерді талқылайды.

Инновациялық технологиялар паркінің басқарушы директоры Дания Ахметованың айтуынша, «Digital Almaty 2025» форумы жасанды интеллектіні дамыту бойынша идеялар мен жобаларды ұсынатын негізгі алаңға айналмақ. Оған қатысушылар экономиканы дамыту үшін озық технологиялармен танысып, өнеркәсіптік экожүйелер, қаржы саласы, ESG, медицина, білім және киберқауіпсіздік жүйесіне AI құралдарын интеграциялаудың кең мүмкіндігін қарастырады.

Сонымен қатар форум аясында дәстүрлі «Digital Awards 2025» сыйлығы табысталады. Цифрлық кеңестікте екі күн бойы 60 мың долларды еншілеу үшін стартаптар арасында «AI Battle» байқауы өтеді. Жасанды интеллект саласындағы елеулі жетістіктер аталып, «AI Movement» бастамасының қорытындысы жария етіледі.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше