Оқиға • Бүгін, 14:15

Ақтөбеде 29 шетелдік жүк көлігіне тығылып, шекара аспақ болған

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Актөбе облысындағы «Жайсаң» шекара бақылау-өткізу пунктінде транзиттік жүк көлігін тексеру барысында 29 шетелдік азамат заңсыз жолмен Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 29 шетелдік жүк көлігіне тығылып, шекара аспақ болған

Фото: ҰҚК

Оқиға 12 мамыр күні тіркелген. Ресми мәлімет бойынша, Ресейге бағыт алған жүк көлігінің салонын тексеру кезінде, шамамен 22 тонна Coca-Cola салынған жәшіктердің арасында жасырынған адамдар табылған.

«Тексеру кезінде көлік ішінен шетелдік 29 азамат анықталды. Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы — «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген ҰҚК хабарламасында.

Қазіргі таңда күдіктілердің қай елдің азаматтары екені және оларды тасымалдауға кімнің қатысы бары анықталып жатыр.