
Солтүстік шұғыласы – Күн мен Жер арасындағы ерекше байланыстың нәтижесі. Күннен үздіксіз зарядталған бөлшектер ұшып шығып, ғарышқа тарайды. Жерге жеткен кезде, оларды Жердің магнит өрісі өзіне тартып, полюстерге – яғни солтүстік пен оңтүстікке бағыттайды. Онда бөлшектер атмосферадағы оттегі мен азот молекулаларымен соқтығысады. Нәтижесінде, энергия бөлініп, түрлі түсті жарық пайда болады.
Дайындаған –
Зере ӘЛІБЕКҚЫЗЫ,
ЕҰУ-дың 3-курс студенті