Ғалам ғажаптары • Кеше

Амазонның ақылды роботтары

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Amazon» компаниясы қойма­ла­рын ақылды роботтармен жаб­дық­­тауды қолға алды. Ком­па­ния құ­ра­мындағы құпия зертхана – «Lab126» жаңа буын жасанды интел­лект агенттерін жасау бағы­тын­да жұмыс істеп жатыр.

Амазонның ақылды роботтары

Роботтар әртүрлі тапсырманы орын­дауға және адам берген бұйрықты түсініп, жүз­е­ге асыруға қауқарлы болмақ. Мұндай робот­тардың қоймада атқаратын негізгі міндеттері – жүк көліктерінен тауар түсіру, жөндеуді қажет ететін бөлшектерді анықтау және күрделі логистикалық жұмыстарға икемделу. «Amazon»-ның мәлімдеуінше, бұл жаңашылдық логистикадағы жұмыс өнімділігін арттырып қана қоймай, көмірқышқыл газының таралуын азайтады.