
Ғалымдардың айтуынша, түнде гүлдейтін өсімдіктер осылай түнгі жәндіктерді, көбелектер мен жарқанаттарды, өзіне тартады. Сонымен қатар мұндай гүлдердің түсі ақ немесе ашық болады, себебі олар ай жарығында жақсы көрінеді. Ал хош иісі өте күшті, ол алыстан-ақ сезіледі. Яғни гүлдердің түнде ашылуы – табиғаттың түнгі тіршілікке бейімделген ерекше тәсілі.
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 3-курс студенті