Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Әлемдегі ең үлкен отбасы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Мизорам штатын­да өмір сүрген Зиона Чана – әлем­дегі ең үлкен отбасын құрған адам ретінде тарихта қалған. Оның 39 әйелі, 94 баласы және 33 немересі бар.

Әлемдегі ең үлкен отбасы

Олар төрт қабатты, 100 бөлмелі үйде бәрі бірге тұрған. Бұл отбасы таңғы асқа 50 кило күріш, 30 тауық және бір қой жейді екен. Зиона Чана 2021 жылы қайтыс болған. Алайда артында қалған отбасы дәстүрді жалғастырып, бүгінге дейін бірлікпен бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді.