Саясат • Бүгін, 09:10

Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы нығайып келеді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-пленарлық отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесу өткізді.

Қазақстан мен ЕҚДБ ынтымақтастығы нығайып келеді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасын­дағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзек­ті мәселелері бойынша пікір алмасты. Қаржы ұйымымен байланыс орнатқаннан бері еліміз шағын және орта бизнес, энер­ге­тика, ауыл шаруашылығы сияқты бір­қатар стратегиялық секторда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген.

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің бірлескен жоба­ларға, соның ішінде «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға инвестиция құю ниетін құптады.

Одиль Рено-Бассо еліміздің инвестиция­лық әлеуетіне жоғары баға беріп, қаржы институты Қазақстанның инфрақұрылым­дық тұрғыдан дамуын одан әрі қолдауға мүдделі екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын­да ұзындығы 234 шақырым болатын Ақтөбе – Ұлғайсын автожолын жаңғыртуды қаржыландыру туралы шешім қабылданған. Бұл бағыттың ішкі және халықаралық тасымалды дамытуда маңызы зор.

Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ мен Қазақстан ынтымақтастығы табысты дамып келе жатқанын айтты. Ол 2024 жылы инвестиция көлемі 2023 жылмен салыстырғанда екі есе артқанын, соның нәтижесінде 1 млрд еуроға жуықтағанын атап өтті. Бұдан бөлек, банк басшысы Қазақстанның көлік әлеуетін және энергетика секторын дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін растады.