
Аустралиялық зерттеушілер мимоза деп аталатын өсімдікке тәжірибе жүргізген. Оған сілку әсер еткенде, ол қауіпті сезіп, жапырақтарын жиырып тастайды екен. Бірақ сол сілкуді бірнеше рет қайталағанда, мимоза оның зиянсыз екенін түсініп, жапырақтарын бұрынғыдай жаба бермей, жайып тұра берген. Ең қызығы, арада бірнеше апта өтсе де, өсімдік осы сабақты ұмытпаған. Ғалымдар өсімдіктердің миы болмаса да, жасуша деңгейінде ақпаратты сақтайтын өзіне тән биохимиялық жүйесі бар дейді.
Дайындаған –
Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың 2-курс студенті