Қоғам • Бүгін, 09:35

Ең қымбат кадр

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем фильмдері кадрлар ара­сындағы ең қымбаты – тірі жан жоқ Лондон көшелерімен жал­ғыз адамның жүріп келе жат­қан көрінісі. Оны түсіру оңайға соқпаған.

Ең қымбат кадр

«28 күннен кейін» фильміндегі бұл кадр таңғы 4 пен 5 арасында Лондонның дәл ортасында, Вестминстер, Тауэр көпірі мен Пикадилли алаңында түсірілген. Осы бірнеше минуттық кадр үшін түсірілім тобы жүздеген рұқсат алып, полициямен келісіп, көлік қозғалысын тоқтатқан. Жақын маңдағы дүкендер мен бизнес иелеріне өтемақы төлеген. Қауіпсіз­дік үшін жүздеген күзетші жалдаған. Режиссёр Дэнни Бойл уақыт жоғалтпау үшін цифрлық камера қолданады. Кадрды бірден түсіру керек болды, өйткені әр қосымша дубль ондаған мың доллар шығын еді.