
Қытайда жерасты метросын салу үшін ғимараттарды жылжытуға тура келген. Машақаты көп жұмысты роботтар мінсіз атқарып шыққан. Ең қызығы жұмыс барысында ғимараттарға ешқандай зақым келмеген. Жалпы салмағы 7500 тонна болатын бірнеше ғимаратты роботтар екі апта бойы, күніне 10 қадам жасап, синхронды қозғалыспен жылжытқан. Жер астындағы болашақ метро желісі өтетін аумақты босатқан соң, олар ғимараттарды бұрынғы орнына қайта апарып қойған.