
Компания басшысының айтуынша, саладағы қазіргі жетістіктер – аға буын салып кеткен сара жолдың жалғасы.
«ҚМГ» компаниялар тобының мыңдаған қызметкерінің қажырлы еңбегі мен ауызбірлігінің арқасында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен табыс етілген мемлекеттік наградалар – ұзақ жылғы адал еңбекке берілген лайықты жоғары баға», деді Асхат Хасенов.
Есен Оғланұлы Өтеев «Парасат» орденімен марапатталса, «ҚМГ» мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Саятай Сейдалыұлы Әліпбаев,«KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Қайрат Болатұлы Мұхитов, «ҚМГ» тасымалдау және логистика департаментінің директоры Ерболат Танашұлы Меңдібаев, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бас директоры Дамир Ағыланұлы Әшімов, «ҚМГ» газды дайындау және өңдеу басқармасының бастығы Дәулет Жұмабайұлы Мұсаев «Құрмет» орденінің иегерлері атанды.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері Сабырғали Мұқанбетқалиевке, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері Ілесбек Сейітұлы Байжановқа, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері Абдурахман Аббасұлы Жақсыбаевқа, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері Берік Шахзадаұлы Ордиевке, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС №1 технологиялық цехының механигі Мұхтар Бахадүрұлы Мырхайдаровқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені табысталды.
Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС геология департаментінің директоры Жансая Сайлауқызы Мырзағалиеваға, «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті газды дайындау және тасымалдау цехының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы Мирас Жақсылықұлы Нұрашовқа, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері Сергей Александрович Максимовке, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері Сенбек Ташкенбайұлы Өтеулиевке, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері Владимир Вячеславович Мартыновқа берілді.
Жалпы, Президент Жарлығымен еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «ҚМГ» компаниялар тобының 61 еңбек ардагері мен қызметкері мемлекеттік наградаларға ие болды. Салтанатты іс-шара барысында «ҚМГ» компаниялар тобының қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Энергетика министрлігінің салалық медалі, «KazEnergy» медалі, Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, «ҚМГ» естелік белгісі, «ҚазМұнайГаздың» «Еңбек сіңірген мұнайшы», «Үздік мұнай өңдеуші», «Үздік мұнайшы» төсбелгілері, сондай-ақ Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚМГ»-ның құрмет грамоталары мен алғысхаттары табыс етілді.