Аймақтар • Бүгін, 08:25

Жаңа стадион – ел спортының мерейі

20 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Футболдан ел кубогінің финалдық ойыны Қызылордада ашылған 11 мың орындық жаңа стадионда өтті. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорттық кешен халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика, ауыр атлетика залдары тұрғындарға қызмет етеді. Сонымен қатар нысанда дүкендер мен дәмханалар да бар.

Жаңа стадион – ел спортының мерейі

Ғимараттың бірінші қабатында спорт залдары, футболшылардың дайындық бөлмелері, сауықтыру орталықтары орналасқан. Екін­ші қабатта әкімшілік бөлме­лер, үшінші қабатта жиындарға ар­нал­ған мәжіліс залы бар. Мүм­кін­дігі шектеулі спортшылар­дың жаттығуына да толық жағдай жасалған.

11 мың орындық «Қай­сар-Арена» УЕФА-ның 4-сана­тына сәйкестендірілген. Жасыл алаң халықаралық стандарттарға сай жасанды төсенішпен жаб­дықталып, заманауи жарық­тандыру, дыбыс жүйелері ор­на­тылған. Мамандар бұл ха­лық­аралық деңгейдегі түрлі спорт­тық, мәдени шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретінін айтады.

«Қайсар-Аренадағы» шым­кенттік «Ордабасы» мен қос­танайлық «Тобыл» команда­ларының финалдық кездесуіне Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, еліміз­дің Футбол федерациясының президенті Марат Омаров, мыңдаған жанкүйер жиналды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлі­баев жұртшылықты жаңа нысан­ның ашылуымен құттықтап, коман­даларға сәттілік тіледі.

спорт

«Бүгін – ел спорты тарихын­дағы айтулы күн. Мемлекет басшысының өңірлерде спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа стадион бой көтерді. Жаңа стадионның ашылуы футболдан ел кубогінің финалдық ойынымен тұспа-тұс келіп, жанкүйерлер асыға күтетін спорт мерекесі отандық футбол тарихында алғаш рет Қызыл­орда қаласында өтіп жатыр. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе, зор мақ­таныш. Жаңа нысанның салынуына ерекше қолдау білдірген Мемлекет басшысына, Үкіметке Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Баршаңызды жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Ко­мандаларға сәттілік тілеймін. Ел футболының даңқы арта берсін», деді облыс басшысы.

Тартысты басталған ойын басында «Ордабасы» сәтті шабуылдар ұйымдастырғанымен, «Тобылдың» тегеуріні сезіліп тұрды. 19-минутта Асхат Тағы­бер­ген тепкен айып добын коман­да­ласы Николай Сигневич голға айналдырды. 33-минут­та «Ордабасы» қақпасын тағы бір мәрте дәл көздеген Ислам Чесноков есепті еселей түсті. Швейцариялық Свен Вольфенс­бергер бас төреші болған кездесу таблосындағы есеп ойын соңына дейін өзгермеді.

Жеңімпаздарды облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Футбол феде­рациясының президенті Марат Омаров марапаттап, кубок пен медальдар табыс етті.

Он бір мың орындық жаңа с­та­дионда ине шаншар орын бол­­­мады. Ауласына да үлкен ­LED экран қойылып, сырттағы­лар матчты содан тамашалады.

 

ҚЫЗЫЛОРДА