Ғалам ғажаптары • 13 Қаңтар, 2026

Қайғыдан туған қайрат

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирландия тұрғыны Бекки Гилмор скейтбордпен 2 800 шақырым жол жүріп өтті. Бұл туристік бағыттар ішіндегі ең ұзақ сапар­лардың бірі саналады.

Қайғыдан туған қайрат

Сурет ашық дереккөзден алынды

26 жастағы Бекки күн сайын 60 шақырымды еңсеріп отырған. Сапарын бес ай бұрын бастаған ол қазір мәреге жақындап, алда әлі 300 шақырым қалғанын айтады. «Бірнеше жыл бұрын жақын досым көз жұмды. Біз теңіз жағасында скейтборд тепкенді жақсы көретінбіз. Оның қазасы маған да ауыр тиді. Содан бері адамдардың өз-өзіне қол салуының алдын алу жөнінде жиі ойланамын. Ұқсас жағдайды бастан кешірген, жақынынан айырылған жандарға қолдау көрсеткім келеді», дейді Бекки Гилмор. Мұндай ­бастамалар тек спорттық жетістік емес, ең алдымен қоғамдағы үнсіз тақырыптар­ды қозғап, адам өмірінің құндылығын еске салуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланады.

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30