Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мергенсайдағы білім ошағы

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Салтанатты жиында өңір басшысы жиналған жұрт­шылықты ауыл балаларының жарқын болашағына жол ашатын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, білім – ел дамуының тұғыры екенін атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай құрмет білім ұясын сапалы, өз уақытынан кешіктермей салып, ел игілігіне берген мердігер мекеме «Бақ-береке» серіктестігінің мамандарына да көрсетілді.

Мергенсайдағы білім ошағы

Оқу-ағарту министрі Жұл­дыз Сүлейменова елімізде жү­зе­ге асырылып жатқан білім беру жобаларына тоқталып, ­Сыр өңіріндегі серпінді жұмыс­тар­ды жоғары бағалады.

«Келешек мектептерінің» стандартымен салынған осы білім ұясы халықаралық та­лап­тарға сай мектептің ауыл­ға да жеткенінің куәсі. Мемле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздарға деген қам­қорлығы ерекше, соның ар­қасында мұғалімдердің қоғам­дағы мәртебесі арта түсті. Осы­ның арқасында бүгінде педагог мамандығы еліміздегі ең тар­тымды мамандықтардың біріне айналды. Жаңа мектеп­тің ұжымын, оқушыларды, ата-аналарды бүгінгі қуанышымен құттықтаймын», деді министр.

Жалпы, былтыр Арал ауда­нында 4 мектеп пайдалануға берілсе, биыл осындай жаңа­лық шалғай ауыл саналатын Мер­генсайда болып отыр. Бұрын бір қабатты, ескі ғимаратта ­оқып келген елді мекен балаларына жаңа үлгімен бой көтерген ­білім ошағы естен кетпес ерекше ­тарту болды.

«Өткен жылы қолданысқа берілген 4 мектептің екеуі – «Ке­лешек мектебі». Ал 686 тұр­ғы­ны бар Мергенсайда осындай үлгіде білім ошағының бой кө­теруі мемлекеттің білім саласына аса маңыз беріп отырға­нын көрсетеді. Сонымен қатар былтыр ғасырдан астам тарихы бар №14 мектеп күрделі, тағы 4 мектеп ағымдағы жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке енді. Биыл Сапақ ауылында да мектеп құрылысын бастау жоспарланып отыр», дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова.

Сала министрі осы сапарында Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицей жұмысымен де танысты. «Қазақстан халқына» қоры бұл оқу ордасына 245 млн теңге көлемінде қаражат бөліп, пәндік және шығармашылық кабинеттер толық жабдықталған. Қор қолдауымен инновация­лық обсерватория, зымыран үлгі­леу, STEM, химия, биология, ро­боттехника, математика, физика, география, тарих, баста­уыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия орнатылып, мектептің материалдық-техни­ка­лық базасы жаңарды.

Мұндай қолдаулар ауыл мен қала арасындағы білім беру сапа­­сындағы алшақтықты азай­тып,­ әрбір балаға тең мүмкіндік жа­сауға негіз болады.

 

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Соңғы жаңалықтар

Өлең құрастыратын кітап

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50