Президент • 04 Ақпан, 2026

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

50 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапар барысында өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес форумы аясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент Қазақстан мен Пәкістан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына мүше елдер ретінде мұсылман мемлекеттеріне арналған орнықты әрі әділ азық-түлік жүйесін құру жолында ортақ мақсатқа жұмылатынын атап өтті.

«Әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 200-ден астам түрін экспорттаймыз. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы ішкі көлемі 2,5 еседен аса көбейді», деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан мен Пәкістан ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

Президенттің айтуынша, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті екі есе арттыру көзделеді.

«Жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын сенімді жеткізуші ретіндегі позициямызды нығайтып келеміз. Сол себепті серіктестік байланыстарды кеңейтіп, өңірлік әрі жаһандық деңгейде жаңа жеткізу тізбегін құру үшін жүйелі қадамдар жасаймыз. Осы орайда пәкістандық әріптестеріміздің аталған сектордағы тәжірибесін бөлісіп, капитал құймақ ниетін құптаймыз. Жетісу облысында қант қызылшасын өңдеу зауытын іске қосу туралы Almoiz Group компаниясымен жасалған келісім – осы ынтымақтастықтың маңызды бастамасы», деді Қ.Тоқаев. 

Қазақстан мен Пәкістан арасында 200 млн долларға жуық келісім жасалды

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 3 ақпан күні Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды. Бүгін, 4 ақпанда Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. 

Мемлекет басшысы: Пәкістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктесі

Соңғы жаңалықтар