Президент • Бүгін, 17:39

Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды

Аталған келісім 2024 жылы 13 желтоқсанда Мәскеу қаласында қабылданған болатын. Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумағында көлік құралдарының техникалық параметрлеріне қойылатын талаптарды біріздендіруге бағытталған.

Оны іске асыру халықаралық автотасымалдаушылар үшін тең әрі ашық жағдай қалыптастырады.

Келісімнің негізгі мақсаттары:

  • ЕАЭО-ның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;
  • Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалының тиімділігін арттыру;
  • Автомобиль инфрақұрылымының сақталуын қамтамасыз ету;
  • Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту;
  • Көлік қызметтерінің сапасын арттыру.

Жарлық транзиттік тасымалдарды дамытуға құқықтық негіз қалыптастырып, Қазақстанның өңірдегі маңызды көлік-логистикалық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттағанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар