Фото: gov.kz
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 707 ұйғарым беріліп, 89 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 354 жұмыскердің құқы қорғалды. Оларға 253 млн теңге төленді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттік еңбек инспекторлар жыл басынан 1 наурызға дейін 1 125 тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде 1 228 бұзушылық, еңбек саласында – 1055, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 161, халықты жұмыспен қамту бойынша – 12 құқық бұзушылық анықталған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 11 354 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалған.
Атырауда кәсіпкерлер жұмысшылармен міндетті сақтандыру шартын жасамаған