Әлем • Кеше

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті

1 мин
оқу үшін

Францияда өтіп жатқан G7 саммиті аясында Дональд Трамп пен Владимир Зеленский кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Трамп пен Зеленский G7 саммитінде кездесті

Фото: Thibault Camus

Шамамен жарты сағатқа созылған келіссөздер саммиттің ресми бағдарламасынан тыс өтті. 

Кездесуден кейін Трамп, Зеленский мен Эмманюэль Макрон G7 саммитінің жұмысына қатысты. 

Зеленскийдің айтуынша, G7 елдері Украинаның әуе қорғанысын күшейту жөнінде ортақ ұстанымға келген. Сондай-ақ ол бұл мәселені Трамппен жеке талқылағанын, Украинада баллистикалық зымырандарға қарсы жүйелер өндіру мүмкіндігін көтергенін айтты.

Кейін журналистерге пікір білдірген Дональд Трамп келіссөзді «өте жақсы өтті» деп бағалап, Ресейдің келісімге келуі қажет екенін мәлімдеді.

«Ресей келісімге келуі керек. Олар (Ресей мен Украина) өте көп сарбаз жоғалтып жатыр. Мұндай жағдай Екінші дүниежүзілік соғыстан бері болған жоқ», деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Владимир Зеленский Ресей президентіне соғысты тоқтатуды ұсынып, ашық хат жолдаған еді. Сондай ақ ол қақтығысты қысқа дейін тоқтату керектігін айтып, мәлімдеме жасады.

Соңғы жаңалықтар