02 Сәуір, 2015

Атырауда жүргізуші құжатсыз 4 тонна дизель отынымен ұсталды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02-04-2015-diesel 01АТЫРАУ. 2 сәуір. Атырау облысында 4 тонна дизель отынын құжатсыз тасымалдаған көлік жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің жол-патрульдік полиция қызметкерлері кезекті рейдтік шара кезінде Құлсары-Сарықамыс тас жолы бойында МАЗ көлігін тоқтатқан. Полицейлер көлікті тексеру барысында оған тиелген 4 тонна дизель жанармайы бар екенін анықтады. Алайда, жүргізуші дизель отыны тиісті жерге апарылуы қажеттігін растайтын арнайы құжатты ұсына алмады. «Қазір дизель жанармайының қайдан, қандай жолмен алынғаны тексерілуде. Ал көлік жүргізушісі Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласының 27 жастағы тұрғыны екен. Тексеру қорытындысымен тиісті шешімдер қабылданады», дейді Атырау облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Сурет: thenews.kz.