Мәдениет • 16 Мамыр, 2024

Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әртістерді жауапкершілікке тартуды ұсынды. Министрліктің бұйрығы көпшілік талқысы үшін «Ашық НҚА» порталына орналастырылды, деп жазады Egemen.kz.

Сахнада бейәдеп сөз айтқан әртістер жазаланады

Фото: ktk.kz

Бұйрық мәтінінде мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі, балағат сөздерді айтқан өнер адамдарына айыппұл салу көзделгені жазылған.

Сондай-ақ ішімдік ішкен немесе психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданған әртістерге - жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны көрсетілген. 

Егер сахнадағы ерсі қылық 1 жыл ішінде тағы қайталанса, айыппұл көлемі - 200 АЕК-ке, заңды тұлғалар үшін 600 АЕК-ке дейін артады.

Соңғы жаңалықтар

Қаламгер һәм қайраткер

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Жеңіл табыс жерге қаратады

Қоғам • 25 Мамыр, 2024

Микроқаржы сергелдеңі

Қаржы • 25 Мамыр, 2024

Болмысы биік тұлға

Тағзым • 25 Мамыр, 2024

БАҚ пен тіл

Сұхбат • 25 Мамыр, 2024

Тасқын су толастамай тұр

Аймақтар • 25 Мамыр, 2024