Заң • Бүгін, 17:47

Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысы Қаратал ауданында полиция қызметкеріне шабуыл жасаған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп жазады Egemen.kz.

Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды

Фото: Владислав Воднев

Тергеу мәліметінше, учаскелік полиция инспекторы «102» пультіне түскен шақырту бойынша оқиға орнына барған. Қызметтік міндетін атқару кезінде тәртіп сақшысы ер адамның агрессивті әрекетіне тап болған.

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы полицейдің бет тұсынан бірнеше рет алақанымен ұрып, қызметтік бейнежетонын жұлып алған. Сондай-ақ оның погондарын бүлдірген.

Қостанайда полицейге шабуыл жасағандар 10-15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы ер адамның кінәсін дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Нәтижесінде сот оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сонымен қатар сотталған азамат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Мемлекетке келтірілген материалдық шығын толық көлемде өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар