Фото: Ашық дереккөз
Оның айтуынша, LRT құны 1,8 млрд долларды құрайды.
«Жалпы сома өзгерген жоқ. Сонымен қатар техникалық сипаттамалар жақсартылып, пойыздардың моделі мен дизайны жаңартылды. Сондай-ақ LRT желісі бойында абаттандыру жұмыстары жүргізілді», деді CTS басшысы баспасөз туры барысында.
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Асылбек Дүйсебаев жоба өзін толық ақтамайтынын да айтты. Оның сөзінше, қоғамдық көліктер үшін бұл әлемдік тәжірибеде қалыпты жағдай саналады.
Бұған дейін City Transportation Systems басшысы Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі 16-17 мамыр күндері іске қосылатынын хабарлаған болатын.
Нұрболат АМАНБЕК