Оқиға • Бүгін, 16:22

Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Талғар ауданында 24 жастағы Нұра ауылының тұрғыны кісі қолынан қаза тапты. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер ұсталды, деп жазады Egemen.kz

Талғарда тағы да қанды оқиға: Әкесіне Құран бағыштамақ болған жігітті пышақтап кетті

Фото: Ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметте марқұм інісімен бірге осыдан 10 жыл бұрын дүниеден өткен әкесінің қабіріне барып, Құран бағыштамақ болған. Оқиға түнгі сағат 01:00 шамасында болған.

Жарияланған ақпарат бойынша, жолда ағайындылардың жолын ішінде үш жас жігіт отырған автокөлік бөгеген. Өтіп кету үшін көліктің есігін жабуды сұрағаннан кейін екі тарап арасында жанжал туындаған. Хабарламаларда айтылғандай, 24 жастағы жігіт көліктен шыққан сәтте қарсы тараптағы жастардың бірі оған пышақпен шабуыл жасаған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 11 мамыр күні Нұра ауылының 24 жастағы тұрғыны ауруханада пышақ жарақатынан көз жұмған.

Талғарда тағы да қайғылы жағдай: Бір топ адам 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді

Қылмыс туралы хабар түскеннен кейін полиция сыртқы жасақтарды жұмылдырып, бекеттер орнатқан. Жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның үш ауылдасы ізін суыптпай ұсталған. 

Аталған дерек бойынша «Адам өлтіру» және «Бұзақылық» баптарымен қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында оқиғаға қатысушылар мен куәгерлердің жауаптарын тексеріп жатыр. Тергеу барысы департамент басшылығының ерекше бақылауына алынған. 

Құны 17 миллиондық көлігін алып қойған: Талғарда ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Соңғы жаңалықтар